Дзюдодан 81 кг дейінгі салмақта күресетін отандасымыз Будапештегі әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде молдовандық Петру Пеливанды «юко» ұпайымен жеңіп, келесі айналымға өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Екінші раундта Абылайхан Жұбаназар бразилиялық дзюдошы Габриэль Фалькаомен шығады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.