1) қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қызметкерлерді есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрған жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілуі тиіс);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына» сәйкес берілген нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама.
7) бұрын сотталмағандығы туралы анықтама.
Осы құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.