Ақтөбе қаласында өтіп жатқан жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиадада ұлттық спортымыз тоғызқұмалақтан үздіктердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
1-тақта (ерлер):
1. Әділет Қалмағамбетов (Ақтөбе облысы)
2.Әсет Шагиров (БҚО)
3.Нұрсұлтан Жақсылық (Астана қаласы)
2-тақта (ерлер):
1.Ермек Ағабек (Түркістан облысы)
2.Серікбол Мерей (Ақмола облысы)
3.Ренат Аубакиров (Павлодар облысы)

3-тақта (әйелдер):
1.Темірхан Алтынай (Шымкент қаласы)
2.Әйгерім Нұрмедин (Ақтөбе облысы)
3.Кәмшат Алдабергенова (Жетісу облысы)

Жалпы есеп:
1.Ақтөбе облысы
2.Түркістан облысы
3.БҚО.
Айта кетейік, ақтөбелік маман Әділет Қалмағамбетов 2022 жылы Петропавл мен 2023 жылы Талдықорғандағы Спартакиадада топ жарған.

