06.07.2025 | 23:06

ӘЛЕМ КУБОГЫ: БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Барлығы 30 елден 300-ге жуық боксшы сынға түскен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16 салмақта жүлде тұғырынан көрінді. Енді шешуші кезең 15-22 қараша аралығында Үндістанда өтеді.

Ерлер құрамасы – 5 алтын,  1 күміс, 2 қола

Әйелдер құрамасы – 3 алтын, 3 күміс, 2 қола

Жалпы есеп:

1.Қазақстан – 8 алтын, 4 күміс, 4 қола

2. Бразилия – 4, 2, 1

3. Үндістан – 3, 5, 3

4. Аустралия – 1, 1, 1

5. Өзбекстан – 1, 4

6. Франция – 1, 3

7. Финляндия – 1

7. Норвегия – 1

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес