22.08.2025 | 12:37

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МЕРГЕНДЕРІ ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ

Шымкент қаласындағы нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында әйелдер пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атудан іріктеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мұнда Ұлттық құрама спортшылары ақтық сынға шыға алмады. Олардың нәтижесі мынадай:

Елизавета Безрукова – 24-орын (627.3 ұпай)

Александр Ле – 26-орын (627.2 ұпай)

Арина Малиновская – 31-орын (625.9 ұпай)

Бүгінгі ересектердің іріктеуі өте жоғары көрсеткіштермен есте қалды. Мұның дәлелі 6 рекорд. Мысалы, көш бастаған Қытай құрамасының спортшысы Лю Яфэй 635.4 балл жинады. Бұл іріктеудегі ересектер мен жасөспірімдер арасындағы жаңа Азия рекорды! Одан кейінгі сатыдағы Оңтүстік Корея өкілінің еншісінде 635.1 ұпай. Жалпы финалға жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы өтті.

Командалық сайыста Қытай құрамасы ересектер мен жасөспірімдер санатында әлем және Азия рекордын орнатып (4 рекорд), жеңімпаз атанды. Қазір Шымкентте тіркелген үздік меже - 1902 балл. Күміс Оңтүстік Корея (1897 ұпай), қола Үндістанда. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы 7-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, іріктеуге барлығы 54 мерген қатысты. Енді біраздан соң жасөспірімдер мен жастар жарысы басталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес