Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

БОКСШЫ ОРАЗБЕК АСЫЛҚҰЛОВ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА КҮШ СЫНАСАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ширек финалдық айқастар жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Оразбек Асылқұлов 1/4 финалда ринг қожайыны Чуджан-Ат Пануванмен кездесіп, алғашқы раундтан-ақ жеңіске деген ұмтылысын көрсете алды. Қарсыластан жылдамдық, таза бокс тұрғысынан басым болған отандасымызға төрешілер тарапы бір ауыздан 5:0 есебімен жеңісті берді.

Енді отандасымыз 8 желтоқсан күні Лундаа Гантумурмен (Моңғолия) финал жолдамасы үшін жұдырықтасады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.