04.09.2025 | 23:14

ЭЛИНА БАЗАРОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗДІ

Бокстан Ливерпуль қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан сапынан алғаш болып 54 кг дейінгі салмақта Элина Базарова шықты. Жерлесіміз бірінші айналымда-ақ жастар арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы Нигина Уктамовамен жолы түйісті.

3 раундқа жалғасқан жекпе-жек Өзбекстан боксшысының пайдасына шешілді. Есеп: 0:5.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес