Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Тараптар су спорты түрлерін насихаттап, дамытудың өзекті мәселелерін, аталған спорт түрінің адам денсаулығына оң әсерін талқылады.

Бұл саладағы басым бағыттардың бірі – халықты жүзуге үйрету. Кейінгі бірнеше жылда Азияда World Aquatics сарапшыларының қолдауымен жаттықтырушыларды заманауи жүзу және спортшыларды даярлаудың тиімді әдістерін үйретуге бағытталған бағдарлама сәтті жүзеге асырылып келеді.

Ербол Мырзабосынов еліміздегі су спорты түрлеріне арналған инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі туралы айтып, алдағы уақытта бұл бағытқа көп көңіл бөлінетінін жеткізді.

«Қазіргі таңда елімізде су спортының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Тәуелсіздік жылдарында спортшыларымыз құрлық және әлем біріншіліктерінде жетекші орындарға қол жеткізді. Ел тарихында Дмитрий Баландин алғаш рет жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Былтыр су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким әртістік жүзуден тарихи жүлде – алтын медаль жеңіп алды. Осы жетістіктер жылдар бойғы үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі»,-деді Ербол Мырзабосынов.

World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусаллам Қазақстанда су спорты түрлерінің табысты дамуына сенім білдіріп, Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарында ұлттық құрамаға сәттілік тіледі.

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.