13.05.2025 | 15:21
Бөлісу:
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ МИХАИЛ ШАЙДОРОВТЫҢ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов «Алау» мұзайдыны сарайында 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпия ойындарына және халықаралық жарыстарға дайындалып жатқан мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құраманың көшбасшысы, биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоровтың жаттығуы жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда «Алау» мұзайдынында еліміздің үздік спортшылары арнайы жеке бағдарлама бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Министр Михаил Шайдоровпен жеке кездесіп, дайындығы, спорттық формасы мен психологиялық жағдайы туралы сұрады. Сонымен қатар жаттықтырушылар құрамымен пікір алмасып, алда келе жатқан маңызды жарыстарға дайындық барысын талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекіткен болатын. Осы жоспар аясында медаль алуға үміткер спортшылар анықталды. Олардың әрқайсысына, соның ішінде Михаил Шайдоровқа да, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктелді:
Спортты дамыту дирекциясы (СДД) — жеке дайындық жоспарының орындалуын бақылап, барлық қатысушы тараптардың өзара әрекетін үйлестіреді;
Спорт федерациялары — білікті жаттықтырушылар құрамымен, халықаралық жиындарға қатысумен және қажетті жарыс тәжірибесімен қамтамасыз етеді;
Өңірлік әкімдіктер — спортшылардың тұру, тамақтану және жаттығу үдерістеріне базалық жағдай жасауға тиіс;
Спорттық медицина және оңалту орталығы (СМОО) — медико-биологиялық қолдауды, оңалтуды және спортшылардың жағдайын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;
Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу — дайындық бағдарламаларының тиімділігін бағалап, тиісті ұсыныстар береді.
Бұған қоса, спортшыларды дайындау жүйесіне кіретін басқа да мекемелер жұмысқа тартылған.
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық