21.05.2025 | 15:48

ТАҒЫ БІР ОТАНДАСЫМЫЗ САУД АРАБИЯ БОКСШЫСЫН ҰТТЫ

Бақтияр Анарбаев (67 кг) Шри-Ланка астанасында U-22 Азия чемпионатындағы екінші жекпе-жегінде қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жолы Исмаил Әлкасимиді айқын басымдықпен жеңіп, ақтық сынға шықты. Есеп: 5:0. Финалда Анарбаев қырғыз боксшысымен күш сынасады.

Осыған дейін 2 боксшымыз финалға шыққан. Сералы Жолмағанбет (63,5 кг) Мұса Алхасавтан (Сауд Арабиясы) айласын асырса, ал Нұрислам Қалдыбаев (-60 кг) Коломбо қаласында жарыс қожайыны Тиль Дешамды 1-раундтан ары асырмаған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес