30.08.2025 | 14:02
Бөлісу:
ЕСКЕК ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ ҚЫТАЙДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 КҮМІС, 2 ҚОЛА ИЕЛЕНДІ
Қытайдың Шэньян қаласында өтіп жатқан U19 және U23 санатындағы академиялық ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 6 жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Назарларыңызға жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:
Күміс – 2000 метрге қыздар арасында W8+(сегіздік). Команда сапында (U19) Аягөз Қоңырбаева, Саида Макзумова, Азиза Мұратханова, Еркежан Сапарқұл, Мария Гладышева, Аксинья Гладышева, Саяра Ақанова, Лияра Айдарова, Мейіржан Сұлтан өнер көрсетті. Уақыты - 06:44.45 секунд.
Күміс – W2 (жұптық), 2000 метр U(23). Анжела Полянина, Мелани Жакупова - 07:42.71 секунд.
Күміс – U23 әйелдер арасында 2000 метр (төрттік), W4. Команда құрамы: Варвара Белоногова, Мария Лебедева, Афина Белоногова, Анастасия Кулинич. Уақыты - 06:54.70.
Күміс – U23 ерлер арасында 2000 метр (төрттік). Тимур Фомичев, Ярослав Мельников, Владислав Галкин, Дидар Сагимбаев (06:08.80).
Қола – U19 қыздар арасындағы жекелей сын (2000 метр). JW1x, Тамара Первушкинаның уақыты - 07:54.23 секунд.
Қола – JM4x U19 ұлдар арасында 2000 метр (төрттік). Команда - Тимур Фомичев, Ярослав Мельников, Владислав Галкин, Дидар Сагимбаев (06:08.80).
Айта кетейік, аталмыш сары құрлық бәсекесі 31 тамызға дейін жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘРТІСТІК ЖҮЗУДЕН ЭДУАРД КИМ 9-ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ
ӘРТІСТІК ЖҮЗУ: СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ФИНАЛҒА ӨТТІ
6 ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ: ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?