09.04.2025 | 20:41
Бөлісу:
ХОККЕЙДЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
Бүгін шайбалы хоккейден Дамфрис (Ұлыбритания) қаласында әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы В тобының тұсаукесер ойыны өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан арулары бірінші ойында Азия құрлығындағы басты қарсыластарының бірі - Оңтүстік Кореяны жеңіп кетті. Екі команда 2025 жылы 3 мәрте кездесіп, барлығында жерлестеріміз басым түсті.
Қазақстан - Оңтүстік Корея 4-2 (1:1, 1:0, 2:1)
Шайбалар:
0:1 - 11:25 - Жонг-Ах Парк (Эун-Жи Ли)
1:1 - 14:33 - Юлия Буторина (Зубкова)
2:1 - 33:32 - Мунира Саяхатқызы (Саяхатқызы, Зубкова)
2:2 - 40:20 - Эун-Жи Ли (Жонг-Ах Парк)
3:2 - 42:37 - Надежда Филимонова (Куценко)
4:2 - 49:14 - Анна Пяткова (Олжабаева)
Енді аруларымыз ертең ыңғайсыз қарсыластарының бірі саналатын Италиямен күш сынасады. Айта кетейік 6 елдің өкілі жиналған топтан тек 1 ұжым ғана Бірінші дивизионның А тобына жолдама алады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫ ЭЛИТАЛЫ ДИВИЗИОНМЕН ҚОШ АЙТЫСТЫ