Калгари қаласында (Канада) конькимен жүгіруден Әлем Кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Командалық спринтте бақ сынаған Кристина Силаева, Дарья Важенина мен Надежда Морозова үштігі 1:26.36 секунд уақыт көрсеткішімен қола медаль еншіледі. Алтын канадалықтарға (1:24.90) бұйырса, күміске Польша елінің (1:25.02) спортшылары қол жеткізді.