15.06.2025 | 18:26
Бөлісу:
КӨРКЕМ ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ТОП-3-КЕ КІРДІ
Көркем жүзуден Сиань (Қытай) қаласында өтіп жатқан әлем кубогында төрт кезеңнің қорытындысы шығып, топтық жаттығудағы отандастарымыз қола жүлдемен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Команда сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Жиенғазы, Ясмин Тұяқова, Валерия Столбунова өнер көрсетті.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: