13.09.2025 | 16:31

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ЛИВЕРПУЛЬДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА

Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

3 дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай 1/2 финалда Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловамен кездесті. 3 раундқа жалғасқан айқаста отандасымыз өз шеберлігін кезекті мәрте паш етті. Есеп: 4:1.

Осылайша Назым Қызайбай өз мансабында төртінші мәрте финалға шықты. 

Фото: Қазақстан бокс федерациясы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес