19.04.2025 | 16:14
Бөлісу:
РАМИС ДІНМҰХАМЕТОВ ГОНКОНГТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Гонконг қаласында (ҚХР) велотректен Hong Kong International Track Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
68 елден 304 велошабандоз жиналған әлемдік додада Ұлттық құрама спортшысы Рамис Дінмұхаметов омниум бағдарламасында мәреге бірінші болып келіп, алтыннан алқа тақты.
Омниум (ерлер):
1. Рамис Дінмухаметов (Қазақстан) — 136 ұпай
2. Конор Лихи (Аустрия) — 127 ұпай
3. Канта Умезауа (Жапония) — 106 ұпай
Сондай-ақ командалық спринтте Қазақстан ерлер құрамасы (Данияр Шаяхметов, Кирилл Курдиди, Рамазан Мұхтар) күміске ие болды. Ал кейрин бағдарламасында бақ сынаған отандастарымыз Андрей Чугай 9-шы, Данияр Шаяхметов 12-ші, Кирилл Курдиди 17-ші орыннан көрінді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ДЕНИС СЕРГИЕНКО АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
МАКСИМ ХОРОШАВИН АЗИЯ КУБОГЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
АНДРЕЙ ЧУГАЙ ЖҰБАНЫШ КЕЗЕҢІНДЕ СЫНҒА ТҮСЕДІ