Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

СЕРГЕЙ ЕМЕЛЬЯНОВ 10 ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама спортшысы Сергей Емельянов Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол 500 метрде жұптасып жарыста (каноэ) Руфина Искаковамен бірге мәреге бірінші келді. Айта кетейік, былтыр Жапония астанасында өткен лицензиялық құрлық чемпионатында Сергей мен Руфина осы қашықтықта алтыннан алқа таққан.

Сергей Емельяновтың ересектер арасындағы Азия чемпионатындағы алтындары:

Наньчан-2025:

Сергей Емельянов (Руфина Искакова) 500 м

Токио-2024:

Сергей Емельянов (Тимур Хайдаров) 500 м

Сергей Емельянов (Руфина Искакова) 500 м

Районг-2022:

Сергей Емельянов (С-4) 200 м

Сергей Емельянов (С-4) 500 м

Сергей Емельянов (С-4) 1000 м

Шанхай-2017:

Сергей Емельянов (Тимофей Емельянов) 1000 м

Сергей Емельянов (С-4) 200 м

Сергей Емельянов (С-4) 500 м

Сергей Емельянов (С-4) 1000 м 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.