Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Қытайдың Чжаоцин қаласында ерлер мен әйелдер арасында ватерполдан Азия чемпионаты басталды6 деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында 6 команда – Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг айналма жүйе бойынша кім мықтыны анықтайды. Ұлттық құрама бірінші матчта 12-6 есебімен Сингапурды жеңді.

Қазақстан – Сингапур 12-6.

Голдар:

2 голдан – Каплун, Рахманова, Новикова, Руднева, Миршина

1 голдан – Глухова, Набиева

Ерлер арасындағы турнирге 9 команда қатысады. Олар 2 кіші топқа бөлінген. Қазақстан өз тобында Қытай, Сингапур және Гонконгпен ойнайды. Бүгін бірінші матчта біздің спортшылар жарыс қожайынымен кездеседі.

Айта кетейік, бәсеке финалистері шілдеде Сингапурда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.