15.09.2025 | 20:31
Бөлісу:
ЖАҢА МАУСЫМҒА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШОРТ-ТРЕК ҚҰРАМАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Қазақстан Республикасының шорт-тректен Ұлттық құрамасының 2025/2026 маусымының құрамы анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Құрама команда 11–14 қыркүйек күндері Астанада өткен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталды. Құрамаға 6 ер және 5 әйел спортшы енді.
Ерлер: Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Абзал Әжғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко.
Әйелдер: Малика Ермек, Ольга Тихонова, Яна Хан, Алина Әжғалиева, Зейнеп Құмарқан.
Спортшылар ел намысын алдағы ISU Short Track World Tour кезеңдерінде қорғайды.
Халықаралық жарыстар күнтізбесі:
Монреаль (Канада) – 9-12 және 16-19 қазан
Гданьск (Польша) – 20-23 қараша
Дордрехт (Нидерланд) – 27-30 қараша
Айта кетейік, алдағы төрт кезең – 2026 жылы Миланда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстары.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ШОРТ-ТРЕК: ЕЛОРДАДА VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
ШОРТ-ТРЕКТЕН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ ӘЛЕМДІК ТУРДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ