27.07.2025 | 11:50

ЖҮЗУДЕН СОФЬЯ СПОДАРЕНКО ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖАРЫС ЖОЛЫН БАСТАДЫ

Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында жүзуден алғашқы бәсекелер басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында сынға түскен Софья Сподаренко 1:02.88 уақыт нәтижесімен 43-орынды алды.

Енді Софья өзге жаттығуларда жарысты жалғастырады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес