Тирана қаласында (Албания) өтіп жатқан күрестен 23 жасқа дейінгі санаттағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен 5 салмақтағы бәсеке өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін бозкілемге шыққан Ұлттық құрамадағы 5 спортшының ешқайсысы ширек финалға шыға алмады. Олар мына спортшыларға есе жіберді.
53 кг, іріктеу:
Зейнеп Баянова – Ю Сакамото (Жапония)
57 кг, іріктеу:
Шұғыла Өмірбек – Мия Кетерин Фрисен (Канада)
62 кг, іріктеу:
Тыныс Дүбек – Макей Эллен Китлин (АҚШ)

65 кг:
Гүлдана Өсербай – Катерина Зеленых (Румыния)

72 кг, 1/8 айналым:
Анастасия Панасович – Кили Рени Уэлкер (АҚШ)
Енді кешке жартылай финалдан кейін ертең кімнің жұбаныш белдесуіне қатысатыны белгілі болады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.