Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз
Назад Кері қайту

Дирекция

Біз

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi – Кәсiпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға.

Кәсіпорын «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 мамырдағы № 706 қаулысына сәйкес құрылды.

Біздің мақсатымыз

 Спорты дамыту дирекциясы қызметiнiң мақсаты – олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен Ұлттық штаттық командаларды ұстау, халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорт резервін даярлау. Оларды жазғы және қысқы Олимпиадаға, Азия ойындарына, Әлем чемпионаттарына Әлем және Азия Кубоктарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысу үшін даярлауды қамтамасыз ету және дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту.

Мақсатқа жету үшін Кәсіпорын келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде олимпиадалық, олимпиадалық емес және бұқаралық спорт бойынша резерв даярлау;
  2. Іс-шараларды, оның ішінде халықаралық іс-шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі бірыңғай күнтізбелік жоспарды уақытылы жүзеге асыру;
  3. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың жекелеген бағыттары бойынша іс-шаралар мен олардың әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және қызметті жоспарлауға қатысу, іс-шараларды есепке алуды жүзеге асыру;
  4. Олимпиада, Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына және басқа да ресми халықаралық жарыстарға дайындалу үшін жетекші спортшыларды, жаттықтырушылар мен өзге де мамандарды, оның ішінде шетел азаматтарын келісімшарт негізінде тарту;
  5. Мемлекеттік басқару органының тапсырмасы бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына сыйақылар төлеуді, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне, олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертіккен жағдайда, нормативтік құқықтық актілеге сәйкес өтемақы төлемдерін ұйымдастыру;
  6. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізілетін республикалық және халықаралық жарыстар үшін жарнама материалдарын дайындауға және жеткізуге өтінімдерді орналастыру;
  7. Спортшыларды дайындау жөніндегі спорт ұйымдарының озық жұмыс тәжірибесін зерделеуге және бапкерлер қызметін енгізуге қатысу;
  8. Қазақстан Республикасы мен шет елдерде дене шынықтыру мен спорт мамандарының, бапкерлер құрамының біліктілігін арттыруға арналған іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға қатысу;
  9. Тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша шетелдік спорт ұйымдарымен спорт саласының мамандарын, оның ішінде спортшыларын алмасуды жүзеге асыру;
  10. Спорттың барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық командаларының резерві – жас спортшылармен оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру және өткізу;
  11. Жетекші спортшылар мен жаттықтырушылар үшін профилактикалық және қалпына келтіру іс-шараларын өткізу;
  12. Жарыстар, жаттығулар мен жиындар өткізу кезінде спортшыларды жазатайым жағдайлардан сақтандыруды ұйымдастыруға қатысу;
  13. Бұқаралық ақпарат құралдарында дене шынықтыру мен спортты насихаттауға қатысу;
  14. спорт түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында бұқаралық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ұлттық құрама командаларды дайындау жөніндегі, сондай-ақ бекітілген штат кестесіне енгізілмеген спорт түрлері бойынша іс-шараларды, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу;
  15. Халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорт резервін даярлау жөніндегі бағдарламалық және оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және басып шығаруға қатысу;
  16. Спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысу нәтижелерін талдау негізінде спорт түрлерін қаржыландыруды жалғастыру не қысқарту туралы мемлекеттік басқару органына ұсыныстар дайындау.