Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЛИНА ЕРТӨСТІК АЛҒАШҚЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК БЕСТІКТЕН КӨРІНДІ

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама спортшысы Алина Ертөстік Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында (U23) 5-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ауыр салмақтағы отандасымыз (76 кг) қола медаль үшін күресте жапониялық Нодока Ямамотодан ұтылып қалды. Есеп: 0-11. Осылайша, Тиранада 18 жастағы Алина алғашқы әлем чемпионатында жүлдеге бір табаны жетпей тоқтады.

Екі палуан осыдан 2 жыл бұрын Азия чемпионатының (U20) жартылай финалында жолыққанда Нодока 6-8 есебімен басым түскен.

Бағана Лаура Ғаниқызы қола жүлдеге таласып қарсыласына жол берген. Ал ертең 3 отандасымыз – Зейнеп Баянова (53 кг), Тыныс Дүбек (62 кг), Анастасия Панасович (72 кг) жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.