Сингапурда өтіп жатқан су спорт түрлері бойынша әлем чемпионатында Ясмин Тұяқова мен Даяна Джаманчалова әртістік жүзу бағдарламасы аясында еркін стильдегі жұптық сайысты сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жұптық бәсекеге барлығы 36 ел қатысты.
Нәтижелер төмендегідей:
Испания – 273.8950 ұпай
Бейтарап спортшылар – 269.4688 ұпай
Италия – 266.9571 ұпай
Қазақстан – 228.2541 ұпай
Финалдық кезеңге үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 12 ел ғана өтті.