27.05.2025 | 19:53
Бөлісу:
АСТАНА 2027 ЖЫЛЫ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ҚАБЫЛДАЙДЫ
Бүгін Катарда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция өтті.
Қорытынды дауыс беру нәтижесі төмендегідей:
Қазақстан — 54,68 %
Франция — 45,32 %
Айта кетейік, еліміз алғаш рет үстел теннисінен әлемдік басты турнирді қабылдайды.

Алдағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер:
2027 — Қазақстан (Астана)
2028 — Жапония (Фукуока)
2029 — Бразилия (Рио-де-Жанейро)
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ: 50 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТАЛАНҒАН СИРЕК ЖАЙТ