Таиланд астанасында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күнгі жартылай финал белдесулері аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шерзод Давлатов (-60 кг) жартылай финалда тегеурінді Тайпей өкілі Ян Юнвэйден қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды. Отандасымыз бен Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері 7 жарым минут күш сынасты.
Қола медаль белдесуіндегі қарсыластар:
-60 кг:
Шерзод Давлатов – Бахром Батуров (Өзбекстан)
Нұрәділ Әлжан – Мұхаммадсалех Куватов (Тәжікстан)
-48 кг:
Ғалия Тынбаева – Лин Чен Хао (Тайпей)
Ал Ержан Еренқайыпов жұбаныш белдесуінде моңғолиялық дзюдошыдан басым түсті. Оның қарсыласы - Тәжікстан спортшысы.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.