13.05.2025 | 16:40

БАДМИНТОННАН ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНДА КІМДЕР ЕРЕКШЕ КӨЗГЕ ТҮСТІ?

Орал қаласында аяқталған бадминтоннан VI жазғы жастар спорт ойындарында бірнеше атап айтарлық нәтиже тіркелді. Мысалы, Мұстафа Мәлікжан мен Наргиза Рахметуллаева жұбы финалда өзінен бірнеше жас үлкен, әрі тәжірибелі Мақсұт Тажибуллаев пен Амалия Ормановадан басым түсті.

«Осы ойындарда Арнұр Тапишев, Мұстафа Мәлікжан, Диана Наменова сынды жас спортшылар ерекше көзге түсті. Олар келесі жылы өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына баруға мүмкіндігі жоғары екенін көрсетті. Аты аталған отандастарымыз Халықаралық бадминтон федерациясының рейтингінде 1 мамырдан бастап, ұпай жинай бастады. Бұл қатарда Диана Наменованың аяқ алысы қуантады. Ол қазір жастар арасындағы әлем рейтингінде 5-сатыда»,- деп айтты бадминтоннан ҚР командасының басшысы Айдын Қасен Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес