Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Бакудегі Үлкен Дулығаға баратын қазақстандық дзюдошылар тізімі

Ұқсас жаңалықтар

4-6 қараша аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан Үлкен Дулыға кезеңі өтеді. Кезекті татами төріндегі бәсекеде 63 елдің 400-ге жуық спортшысы күш сынаспақ. Қазақстан құрамасының тізімі мынандай:

Әйелдер – Ғалия Тынбаева (48 кг), Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Эсмигүл Куюлова (63 кг), Аруна Жангельдина (-78 кг), Назерке Тілеуханова (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг);

Ерлер – Бауыржан Нарбаев (60 кг), Шерзод Давлатов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Алмас Ғалымов (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг);

Мұнда ерлер арасында ең көп спортшы 73 келіге дейінгі (39 адам), әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта (34 адам) тіркелген. Айта кетейік, бұдан кейінгі кезеңді 3-4 желтоқсанда Жапония астанасы Токио қабылдайды.