Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогының іріктеу кезеңін сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Астана төрінде Ұлттық құрама Ираннан 45:88 (13:25, 7:24, 9:18, 16:21) есебімен жеңіліп, өз тобында соңғы 4-орын алды.
Е тобында келесі кезеңге тікелей жолдаманы Иран (1-орын) мен Қатар (2-орын) командалары иеленсе, Үндістан қосымша плей-оффта жарыс жолын жалғастырады.