kazsport.kz
На вашу почту придет ссылка для восстановления пароля
Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында ерлер арасында 500 метрге жарыста Денис Никиша күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Финалда канадалық Ствен Дюбуа жеңімпаз атанса, қола Нидерланд өкіліне бұйырды. Осылайша Денис Никиша әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері атанды. Былтыр ол Роттердамда дәл осы қашықтықта 2-орын алған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.