14.06.2025 | 15:46

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНДА!

Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Ғұсман Қырғызбаев Израиль спортшысы Гай Гатманды Golden Score қосымша уақытында «иппон» ұпайымен жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Келесі белдесуінде Ғұсман тәжікстандық Нурали Эмомалимен татамиге шығады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес