Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ХАРБИН-2025: КЁРЛИНГТЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІ ҮШІН ТАЛАСАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарының жартылай финалдағы ойынын аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Біздің спортшылар әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2018 жылғы Олимпиаданың финалисі Оңтүстік Кореяға жол берді. Есеп: 2-10.

Командамыздың құрамы – Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер резервте).

Енді ертең Қазақстан қола жүлде үшін Жапония немесе Қытай ойыншыларымен шеберлік байқасады.

Фото: Сали Сабиров.