13.02.2025 | 12:50
Бөлісу:
ХОККЕЙДЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ҚЫТАЙДЫ ЖЕҢІП, ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖАҚЫНДАДЫ
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында жарыс қожайынын ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан – Қытай, есеп: 2-1.
Екінші айналымда шабуылшы Надежда Филимонова мергендік танытып, командамызға басымдық сыйлады. Ал шешуші кезеңде қарсылас таразы басын теңестіріп үлгерді. Шешуші кезеңде Александра Шегай жеңіс шайбасын торда тулатты.
Енді ертең шешуші матчта Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш сынасады. Ойын сағат 7:00-де басталады.
Фото: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫ ЭЛИТАЛЫ ДИВИЗИОНМЕН ҚОШ АЙТЫСТЫ
ХОККЕЙДЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ