Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТӨРТ ҚҰРЛЫҚТЫҚ ТУРНИРІНЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Ұқсас жаңалықтар

15-17 қараша аралығында Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден халықаралық төрт құрлықтық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы қазірден дайындығын бастап кетті. Жарысқа Канада, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Тайвань, АҚШ және Аргентина елдерінің командалары қатысады.

Байрақты бәсекеден кейін бірден, 18 қарашада Нагано қаласында (Жапония) Әлем Кубогының бірінші кезеңі басталады. Аталмыш додада  қазақстандық спортшылар да өнер көрсетеді.