17.09.2025 | 19:22
Бөлісу:
НОРА ДЖЕРУТО ТОКИОДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 6-ШЫ САТЫҒА ТҰРАҚТАДЫ
Жапония астанасы Токио қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Кезекті жарыс күні 3000 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалдық сайысында сынға түскен қазақстандық Нора Джеруто 9:06.34 уақыт көрсеткішімен 6-орыннан көрінді. Отандасымыз соңғы айналымға дейін үздік үштіктің қатарында келе жатса да, тосқауыл секіру барысында қателікке бой алдырып, жылдамдығын бәсеңдетіп алды. Салдарынан ол жүлдеден тыс қалды.
1. Фейт Черотич - 8:51.59 секунд
2. Уинфред Яви - 8:56.46
3. Семюр Алмоев - 8:58.86
Айта кетейік, Нора Джеруто 2022 жылы АҚШ-та өткен жаһандық додада ел тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанған болатын. Жарысқа 198 елден 2000-нан астам атлет қатысты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
НОРА ДЖЕРУТО «ГАУҺАР ЛИГАСЫНДА» ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ
ИВАН ИВАНОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА: ҚАЗАҚСТАН ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 4-ОРЫН АЛДЫ