Дзюдошы Нұрәділ Әлжан Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Біздің спортшы ширек финалда тәжірибелі кәріс палуаны, әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Ли Ха Римді жеңді.
Екі спортшы арасындағы белдесу (-60 кг) қосымша уақытқа (golden score) созылды. Онда Оңтүстік Корея өкілі отандасымыздың әдісіне қауқар таныта алмады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.