13.09.2025 | 23:19
Бөлісу:
НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІ ҮШІН КҮРЕСЕДІ
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан ересектер арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында Нұрқожа Қайпанов (-70 кг) пен моңғолиялық палуан Тумур-Очирын Тулга күш сынасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сары құрлық өкілдерінің арасындағы белдесуде Тумур-Очирын басым түсті. Отандасымыз ертең түнде қола медаль үшін сынға түседі. Қарсыласы жұбаныш кезеңінен кейін белгілі болады. Ал Йосиносукэ Аояги (Жапония) мен Тумур-Очирын Тулга бас жүлдені сарапқа салады.
Айта кетейік, Нұрқожа былтыр Тирана қаласында осы салмақта әлем чемпионы атанған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
КАМИЛЬ КУРУГЛИЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІ ҮШІН КҮРЕСЕДІ