09.08.2025 | 19:07
Бөлісу:
ҚАЗАҚ САМБОШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 7 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан V әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, біздің спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізді.
Жүлдегерлер:
1-орын. Маргарита Бажаева (-50 кг)
2-орын. Асқар Еспусинов (-58 кг)
3-орын. Жандос Бейсенбаев (-71 кг)
3-орын. Болат Сапар (-88 кг)
3-орын. Айнұр Төребай (-59 кг)
3-орын. Арайлым Әбенова (-72 кг)
3-орын. Қазақстан құрамасы (командалық сайыс)
Биылғы бәсекеге 20 елдің спортшылары қатысты.
Ұлттық құраманы осы жарқын көрсеткішімен құттықтаймыз. Бапкерлер мен спортшылар қазақ самбо мектебінің әлемдік аренада өз орны бар екенін тағы бір мәрте паш етті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ҮЗДІК КӨРСЕТКІШПЕН АЯҚТАДЫ
САМБОШЫ ТЕМІРЛАН КӨЛБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
БІРЖАН ИМАХАНОВ: «ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОСПАР – 2 АЛТЫН АЛУ»
АСТАНАДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН САМБОШЫЛАРЫМЫЗ БЕЛГІЛІ
САМБОДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТАҒЫ 2 АЛТЫН АЛДЫ