17.05.2025 | 22:16

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЧЕХИЯДАН ЖЕҢІЛДІ

Шайбалы хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы бесінші ойынын әлем чемпионы Чехиямен ойнады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Екі кезеңде командалар бірдей шабуыл (соққылар: 8:8) жасағанымен, чехтардың басымдығы көрінді. Әсіресе, алғашқы матчына шыққан Желал-ад-дин Әмірбеков бірнеше шабуылдарға тосқауыл болды. Бірақ қақпашымен бірге-бір қалған Матей Странски өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Екінші кезеңде әлем чемпиондары басымдығын арттырып, таблодағы есепті 4:0-ге жеткізді.

Үшінші кезеңде Чехия құрамасы алғаш рет ереже бұзып, Қазақстан ойыншы басымдығына ие болды. Мүмкіндікті отандастарымыз сәтті пайдаланып, Вячеслав Колесников осы додадағы бірінші шайбасын салды. Қалған уақытта чехтар таблодағы есепті үдетіп, ең ірі жеңісін тіркеді.

Қазақстан – Чехия 1:8 (0:1, 0:3, 1:4)

Соққылар статистикасы: 22:33

0:1 – 05:19 – Матей Странски (Беранек, Пирочта)

0:2 – 21:26 – Якуб Флек (Газда, Клапка)

0:3 – 32:19 – Матей Странски (Спашек, Спейсик)

0:4 – 37:04 – Роман Червенка (Пастрняк, Крейчик)

0:5 – 41:06 – Адам Клапка

1:5 – 47:36 – Вячеслав Колесников (Мұратов, Бреус)

1:6 – 53:14 – Роман Червенка (Пирочта, Пастрняк)

1:7 – 55:44 – Роман Червенка (Некас, Седлак)

1:8 – 59:22 – Адам Клапка (Флек, Газда)

Қақпашылар: Әмірбеков – Вежмелка.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес