21.06.2025 | 19:14
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ТАШКЕНТТЕГІ ТУРНИРДЕ 3 ЖҮЛДЕ АЛДЫ
Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында Ұлттық құраманың 3 спортшысы тұғыр сатысына көтерілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс қожайыны Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды.
Ал әйелдер арасында бөрене жаттығуында Көркем Ербосынқызы финалда үздік үштікті түйіндеді. Отандасымыз 12.100 балл алып, Challenge Cup жарысында алғашқы жүлдесін мойнына тақты.
Жүлдегерлер:
1. Кайлия Немор 13.300 (Алжир)
2. Одинахон Робиджонова 12.500 (Өзбекстан)
3. Көркем Ербосынқызы 12.100 (Қазақстан)
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық