14.05.2025 | 15:07

РЕГБИДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА АТТАНДЫ

15-20 мамыр аралығында Жапонияның Фукуока қаласында регби 15-тен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан командасы алғашқы ойында (15 мамырда) былтырғы чемпион Жапониямен күш сынасады. Осыдан кейін Қытайдың Гонконг құрамасымен 20 мамырда кездеседі.

Ұлттық құрама тізімі мынадай:

Сымбат Жаманқұлова, Әмина Шәріп, Наталья Камендровская, Светлана Малежина, Дарья Ткачева, Ксения Ким, Елена Юрова, Татьяна Кручинкина, Дарья Симакова, Татьяна Дададжанова, Аяулым Бақытпек, Виктория Кузнецова, Анжелика Пичугина, Вероника Степанюга, Мария Гришина, Екатерина Савина, Алена Дробовская, Наталья Власова, Анна Мельникова, Ирина Балабина, Лилия Олейникова, Әмина Төлегенова, Карина Сазонтова, Алена Мельникова;

Ұлттық құраманың жаттықтырушысы – Ильдар Әбдіразақов.

Қазір Азиядан әлем рейтингінде ең жоғарғы орында Жапония тұр (13-орын). Қытай командасы 23-ші, ал Қазақстан 63-сатыға жайғасқан.

Анықтама:

Классикалық немесе регби 15-те алаңда әр командадан 15 адам ойнайды. Ойыншылар 40 минуттан екі тайм сынға түседі. Тайм аралық үзіліс алаңда өтеді (15 минуттан аспайды). Үзіліс кезінде уақыт тоқтатылады. Егер негізгі уақыт тең аяқталса, 10 минуттан екі тайм тағы беріледі. Олимпиада бағдарламасына кіретін регбиде (регби 7) допқа әр командадан бір сәтте тек 3 адам қатысса, классикалықта 8 ойыншыда.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес