17.06.2025 | 11:04
Бөлісу:
ШАХМАТТАН КОМАНДАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
Ұлыбританияның Лондон қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы рапид және блиц шпхматтан командалық әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Меруерт Камалиденова мен Алдияр Аңсат Астанаға оралды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымызды халықаралық әуежайдан туыстары, достары, Спортты дамыту дирекциясы мен Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері мен журналистер құшақ жая күтіп алды.
Айта кетейік, бұл бәсеке 10-16 маусым аралығында өтті. Чемпионатта 64 мемлекеттен 420 үздік шахматшы шеберлік байқасты. Оның ішінде 191 гроссмейстер және 89 халықаралық шебер бар.

Лондондағы чемпионатта KazChess (Қазақстан шахмат федерациясы) командасы блицтен финалда әлемдік жұлдыздардан жасақталған WR Chess Team-ге жол берді.
Команда құрамында Дәрмен Сәдуақасов, Гүлмира Дәулетова, Алдияр Аңсат, Меруерт Камалиденова, Александр Грищук, Ричард Раппорт, Андрей Есипенко, Елназ Қалиахмет, Ислам Айтен ойнады.
Барлығы Қазақстаннан 3 команда бақ сынады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АЛУА НҰРМАН — БЛИЦ ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
АЛДИЯР АҢСАТ – ШАХМАТТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
ҚАЗЫБЕК НӨГЕРБЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ