19.01.2025 | 01:02

СОФЬЯ САМОДЕЛКИНА ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада кезекті жүлде қоржынға түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер бәсекесінде сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлде иеленді.

1. Рион Симиоши (Жапония) – 204.29 ұпай

2. Моне Чиба (Жапония) – 203.85 ұпай

3. Софья Самоделкина (Қазақстан) – 190.96 ұпай

Бұл мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 2019 жылы Елизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені алған.

Ал ерлер сайысында Михаил Шайдоров екінші қысқы Универсиадасында да 4-орынға тұрақтап, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды. Оның еншісінде 260.15 ұпай бар. Алтынды Юма Кагияма 289.04 ұпаймен жеңіп алса, одан кейін Даниэль Грассль мен Ча Чун-хван жайғасты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес