Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Трап жаттығуында аралас командалық сайыста Қазақстан-1 командасы сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова Үндістан-2 құрамасынан басым түсті. Есеп: 38-34. Тағы бір қола жүлдеге Қытайдың Тайпейі қол жеткізді.

Алтынды Қытай-2 мен Кувейт-1 командасы сарапқа салып жатыр.

Айта кетейік, бұл Әлішер үшін сары құрлық бәсекесінің алғашқы, ал Айжан үшін екінші медалі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.