17.08.2025 | 23:52
Бөлісу:
ТАРИХИ НӘТИЖЕ! ДАНИЛ ВАСИЛЬЕВ ВИСЛАДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Бүгін Польшаның Висла қаласында өтіп жатқан шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында Ұлттық құрама спортшысы Данил Васильев 2-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз финалда барлығы 119.3 ұпай жинады. Бұл жаттығуда 129.5 балл алған Аустрия спортшысы Никлас Бахлингер топ жарды. Үздік үштікті Владимир Зогфарски (Болгария) түйіндеді.
Айта кетейік, осы 2-орынның арқасында Данил Васильев 2026 жылғы Милан Олимпиадасының лицензиясына тағы бір табан жақындай түсті. Вислада қол жеткізген ұпайлар оның Халықаралық шаңғышылар федерациясының рейтингіндегі орнын жақсартады.
Еске сала кетейік, осыған дейін жазғы Гран-при/әлем кубогында біздің спортшылар арасында ең жоғарғы көрсеткішті Сергей Такченко тіркеген. Ол 2021 жылы Щучинскегі бәсекеде 6-сатыдан көрінген.
«Бүгін біздің спортшылар үшін бәрі жақсы өтті. Данил Васильев алысқа секіріп қана қоймай, техникалық тұрғыдан да жерге сауатты қонды. Соның арқасында жүлдеге ие болдық. Жазғы Гран-при кезеңі ұпайы мен деңгейі жағынан әлем кубогына теңестіріледі. Жарысқа қатысқан тағы бір отандасымыз Илья Мизерных та жақсы нәтиже көрсетті. Дегенмен, жүлдеге сәл жетпей тоқтады»,-деді Ұлттық құраманың бас бапкері Павел Васильев Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Мизерных бүгінгі жарысты 24-сатыда аяқтады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ДАНИЛ ВАСИЛЬЕВ FIS КУБОГЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
ДАНИЛ ВАСИЛЬЕВ FIS КУБОГЫНДА ҮЗДІК БЕСТІККЕ КІРДІ
СЕРГЕЙ ТКАЧЕНКО FIS КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫ
3 медаль! Шаңғымен тұғырдан секірушілердің қарқыны қатты