Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ТРИАТЛОННАН АРАЛАС КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ҚАЗАҚСТАН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ұқсас жаңалықтар

Сауд Арабиясының Әл-Джубаил қаласында аяқталған триатлоннан U23 жас санатындағы Азия чемпионатының 2-жарыс күні Қазақстан құрамасы тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аралас командалық сайыста еліміздің командасы мәреге 1 сағат, 13 минут 10 секундтан кейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. Жарыс жолына Егор Крупяков, Милена Саприна, Александр Тен, Диана Ержанова шықты. Бас жүлдені Гонконг триатлоншылары жеңіп алды.

Еске сала кетейік, чемпионаттың алғашқы күні ерлер арасында Александр Тен күміс, Егор Курпяков қола медаль алған. Биыл жарысқа 21 елден 128 спортшы (84 ер, 44 әйел) жиналды. Ел намысын қорғау үшін 12 отандасымыз аттанды.