Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ТҰҢҒЫШ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ЖЕРДЕ VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, шаңғышы Владимир Смирновтың туған жері – Щучинск қаласында VI қысқы Спартакиаданың ресми ашылуы мен шаңғыдан алғашқы бәсекелер ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарысқа ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев келіп, барша қатысушыларды төрт жылда бір рет өтетін айтулы доданың ашылуымен құттықтады.

8 ақпан – 12 сәуір аралығында жалғасатын Спартакиадада отандастарымыз 14 спорт түрінде мықтыны анықтап, ұлттық құраманы жасақтайды.

Дәл қазіргі сәтте шаңғышылар 25 наурызға дейін 5 сайыс түрінде жүлдеге талас жүргізеді.