Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ватерполдан Ұлттық құрама Өзбекстанды жеңіп, қола жүлдеге ие болды

Ұқсас жаңалықтар

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жүлде жолында еліміздің су добы шеберлері Өзбекстан құрамасын 16-8 есебімен жеңді. Бас жүлдені Жапония мен Қытай сарапқа салады.

Жалпы Азиадада еліміздің әйелдер құрамасы 2010 жылдан бері бақ сынап келеді. Сол жылы күміс медаль алса, 2014 жылы қола, 2018 жылы қайтадан күміс жүлдеге қол жеткізген.