Ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының ширек финалына жолдама ала алмады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол жұбаныш кезеңіндегі 3-ші алтылықта жарысып, мәреге төртінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші - 7:21.12.
Енді Владислав ертең, 29 шілдеде 12:30-да Е/F тобында қалған орындарды сарапқа салады.