15.09.2025 | 20:31

ЖАҢА МАУСЫМҒА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШОРТ-ТРЕК ҚҰРАМАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасының шорт-тректен Ұлттық құрамасының 2025/2026 маусымының құрамы анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Құрама команда 11–14 қыркүйек күндері Астанада өткен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталды. Құрамаға 6 ер және 5 әйел спортшы енді.

Ерлер: Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Абзал Әжғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко.

Әйелдер: Малика Ермек, Ольга Тихонова, Яна Хан, Алина Әжғалиева, Зейнеп Құмарқан.

Спортшылар ел намысын алдағы ISU Short Track World Tour кезеңдерінде қорғайды.

Халықаралық жарыстар күнтізбесі:

Монреаль (Канада) – 9-12 және 16-19 қазан

Гданьск (Польша) – 20-23 қараша

Дордрехт (Нидерланд) – 27-30 қараша

Айта кетейік, алдағы төрт кезең – 2026 жылы Миланда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстары.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес